07.05.2022
195
Оянған
Сағатың, сағатың соғарда,
Уақытқа, тарихқа, заманға,
Әлемге, қоғамға, адамға,
Оған да, маған да
Сен қарсы жүресің,
білесің –
бұл сенің ғұмырлық үлесің!
Ғұмырлық үлесің: тоқтатпау –
Өмір мен Өлімнің күресін...
О, жердің тәкаппар тұрғыны,
О, жердің тәкаппар тұрғыны,
Сен қарсы жүресің, білесің:
Өзіңді тапқанша бір күні!..
Өзіңмен бетпе-бет келгенше,
Өзіңді жүзбе жүз көргенше,
Өзіңді майданда жеңгенше,
Өзіңді өзің кеп көмгенше!