Қазақтан кешірім сұрау
Ояндым шошып қап-қара түннің даусынан,
Күңіренген дала,
Күрсінген, бәлкім, тау шығар?..
Кешірші мені,
Қарашы қара басқанын,
Жаралы жерім, қаралы аспаным,
Сен жаурап қалыпсың ғой,
Аулақ қалыпсың ғой,
Әр жұлдыздың түбіне тығылып,
Қырық құбылып.
Не періштегі айтпаппын,
Не жеңіспен қайтпаппын,
Тым болмаса
Тілімнің астына салып та алмаппын,
Тым болмаса
Омырауыма тағып та алмаппын,
Жастығымды жас сұлуларға арнап ем,
Үйренбеген соң әнді де айтып хорменен,
Жалғыз қаңғып ем,
Оралмастай мәңгі мен.
Шашылған, шашылған қауырсындарың-ай,
Жаныммен ауырсынғаным-ай,
Өзімнен қорынып,
Қасиетті суларға шомылып
Келмекші ем...
Кешірші мені!
...Бұл ғасыр нешінші еді?
Кімнің кезегі еді?
Ненің кезеңі еді?
Ұйықтап қалғанымды қарашы,
Жылатып алғанымды қарашы,
Таулар ояу ма, жолдар сергек пе?
Не болып жатыр жер-көкте?!
Кешірші мені,
Бәрін де реттеймін,
Енді кетпеймін, енді кетпеймін!
Кешірші, ертеңің үшін мені,
Қазір, қазір,
Күнді тұтатамын,
Айды босатамын,
Жерді жұбатамын,
Абайды оятамын!..
Ішімдегі...