07.05.2022
  111


Автор: Серікбай Әбілмәжін

Сен туралы

Сол бір шақтан бір естелік бүйырды,
Сенің сүттей елесің.
Таң бозындағы ең ақырғы жұлдыздай,
Мөлтең қағып түсіме сен енесің.
Маған қымбат сол естелік – бойтұмар,
Нұрлы есім сол есім.
Түсімде сен...
Сенің сүттей елесің,
Мен тірімін,
тас мүсінім түбінде,
жұлдыздарға араласқан гүл дестесін төгесің.
Мынау түсім келесі,
Қарт Алтайдың қыран ұшпас төбесі...
Сен шынар боп көктеп тұрсың, тамаша,
Мен түбінде жылап тұрмын, о несі?
Бүгінгі түс тіпті ғажап, күй тілді,
Тағы да сол сенің бейнең сүйкімді.
Жүрегімді орап аппақ гүлдерге,
әлдилейсің, күзетесің ұйқымды.
Менің денем қалжырайды жүрексіз,
Миым қалғып, ойсыз, мұңсыз, тілексіз.
Таңдайымда жыр дәміндей
сағыныштың дәмі қап,
Оянамын қоңыраудан, трупканы жарым ап.
Тереземнен телміреді мұнар күн,
Суық торғай басында отыр шынардың.
Түсініксіз түс көбейіп барады,
Сағыныштан мен шаршаған шығармын.
Түсімде...





Пікір жазу