07.05.2022
  176


Автор: Серікбай Әбілмәжін

Писсимизм

Мен өлгім келеді,
Көзіме көк-ала шыбын жиылып,
Құлағыма қорғасын құйылып,
Тәнімді құмырсқа жеп,
Жанымды жәбірейілдің сыйы қып;
Жаназамды қарға оқыса,
Жанарымды сауысқан шоқыса.
Мыи орнына аралар дуылдап,
Басымда қоңыз жыбырлап.
Сосын қалған денемді
аш қасқыр кергілеп,
Арлан бөрінің аузында
бас терім желбіреп,
Жалғастырған сіңірлерім
Қасқырларды араздастырып,
Қалған ең соңғы қу жілігімді,
Жемір қожайынның аш иті
азанғы ас қылып,
Құрысам өмірден, шіркін!!!


Туған жерге ту тігілмей,
Мұң тігілді, жын өсіп.
Сенің демің біте қалса,
Менің қаным түгесі.
Кіндігімді көміп кеткен,
Босағаммен бірге мен,
Лас аяқ басқан сайын,
Ластанып күнде өлем.
Жатқа кетсе бар ырысың,
Жалынымда сөнеді.
Кіндігімнен өсіп шыққан
Тамырлар ғой керегі.
Мен туралы жұлдызнама,
Бақыттысың дейді ылғи.
Бар бақытым осы ма еді,
Қан соқталы сор миым.
Алғаш рет көзімді ашып,
Алғаш рет күлгенім –
Туған жерде.
Туған жерім,
туған елім –
күн менің.
Серікбай ӘБІЛМӘЖІН
Үр дауысты сүйіншіңе
өзім құрбан болайын.
Туған жерің аман деші,
Жұбататын ағайын.





Пікір жазу