07.05.2022
135
Түс
Иә, Құдайым, сен қолдап, медет
беріп жүрмесең,
Төгілетін секілді өмір дейтін бір кесем.
Қан жылаған жүрегім қозғалыстан қуылып,
Өліп аппын түсімде ұятыма буынып.
Қасапшының қолында жарты қадақ жүрегім,
Құшақтайды ажалды қалтыраған білегім.
Өлім терең болса да, тереңдік жоқ көзімде,
Жұбатып тұр өлеңім көзір салып сезімге.
Бәрінен де дос-жаран қашырады құтымды,
Туған жерде жоқсың деп өлігіме түкірді.
Анам тұрды жыламай, Әкем де тұр түнеріп,
Тек сүйгенім жылады басын төмен жіберіп.
Мен өліппін осылай сапар шеккен жолымда,
Туған жердің тұманды картинасы қолымда...