meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  07.05.2022
  192


Автор: Серікбай Әбілмәжін

Қорқыныш

Ей, Аллам, бергенің бе бұл,
Ей, Аллам, бермегенің бе?
Көк езу көлдің шетінде,
Кезеріп шөлдегенімде
Таңдайы кеуіп талыққан
Құлыңа берген суың ба?!
Кісәпір күнәм үшін бұл
Ұлыңа берген уың ба?!
Етегім жеңім жиналмай,
Еңіремейін ерек бір.
Күнәмді, Аллам, кешіріп,
Күнәһар ұлға медет бер!!
Ей, Аллам!!





Пікір жазу