07.05.2022
  141


Автор: Серікбай Әбілмәжін

Күз келді күрең

Күз келді күрең бұл маңға,
Күлімдеп жетті күреңім.
Топырақ болып тапталар,
Жапырақтарым – жүрегім.
Тарылып мүлдем тынысым,
Талықсып күткен сыңарым.
Демігің басып желменен,
Дертіңді жырмен сылармын.
Жас келін кірген үй сынды,
Мерекем еді мына күн.
Қыз ғұмырлы гүлдерім,
Түнімен неге жыладың.
Түнімен сен де жыладың,
Тамыздың шығы, мөлтеңім.
Жазылмай жүрген өлеңім,
Аяқталмаған ертегім.
Тосытыма толтырдым,
Тамыздың соңғғы нөсерін.
Жапырақтарды – жүректі,
Жолыңа сенің төседім.





Пікір жазу