07.05.2022
  113


Автор: Серікбай Әбілмәжін

Сылтау

Әй, мынау бір өмір болды-ау тым қараң,
Бөрі үміткер бөлтірік ем, кім болам?
Күнде кеште ақыл айтып жатады,
Көп пысыққа бір надан.
Кейде байлық қанша есігім қақсада,
Ашқым келмей ол тәкаппар патшаға.
Талмаусырап жатқан менің рухымды,
Айырбастап алғысы бар ақшаға.
Бөрі үміткер бөлтірік ем, кім болам?
Аш мысықтың табан үнін тыңдаған.
Мені ойланбай жаратқан-ау ақ үміт,
Ана сүтке қарыздар ғып бұл ғалам.
Бас қатырып бассыз ойға не түрлі,
Бұл басымнан не түрлі мұң жетілді.
Адам болып қалғанына ақылым,
Әй, келісіп өкінді.
Жүзім қайтып жүздескеннің бәрінен,
Жолым болмай...
(қайдан қарғыс алып ем?)
Ақыл сұрап бардым апақ-сапақта,
Мезгіл дейтін миы ауысқан кәріден.
Ол шал айтты, жақ кірісін зорға ашты,
Сен емессің ең ақырғы, алғашқы.
Ашырқана шарабыңнан бір жұт та,
Ары қарай тірлігіңді жалғастыр!
Сосын, іштім.





Пікір жазу