07.05.2022
  134


Автор: Серікбай Әбілмәжін

Қош

Сүйемін деп айта берем қашанғы,
махаббатта жауыр болған осы әнді.
Он алтымда жүрегіме орнатқан,
құлпытасқа қашаулы.
Сағындым деп айта-айта шаршағам,
жолданбайтын хаттар жазып мен саған.
Көкаршынның қанатына байлаулы
егілтетін қаншама ән.
Сені ойлаудан қажып біттім, көркемім,
қара сөзбен айтылмайтын ертегім.
Жеті түске бояп алып сезімді,
жетіген қып шертемін.
Сезім сондай мөлдір ме ең,
қайдан ғана сені көргем мен бірден.
Жастығымда сөз салатын мың қызға,
саған ғашық болдым мен.
Сүйемін деп айта берем қашанғы,
махаббатта жауыр болған осы әнді.
Өз қолыңмен жүрегіме орнатқан,
құлпытасқа қашаулы.
Жырлай бермей құлын мүсін, тұлғаңды,
ұмытсам ғой осы тәтті мұңлы әнді.
Боз баланың жүрегінен жасалған,
алқа тағып жырдан бір!





Пікір жазу