07.05.2022
153
Сен бақытты бола алмайсың, білем мен.
«Сен бақытты бола алмайсың, білем мен»,
Көгіңдегі ай қарайып, күн өлген.
Сыңсып жылап жалғыз тырна дауысы,
Ауыр мұңлы алғы күнің түнерген.
Мен бақытты бола алмаймын, себебі:
есіл күнім есік қақса өледі.
Екі дүние ортасында сенделем,
тәтті жырға пысқырмайтын пендемен.
Бақыт деген жоқ деп білем сол үшін,
Бақыт деген алданышты келісім.
Бақыт деген бақытсыздық мен үшін,
Бақыт деген бақытты аңсау сен үшін.