Не керек?
Ағатай, неге жылы қарамайсың,
Қай-қашан саялы көк қарағайсың.
Бұл жерді неше айналып шыққаныңмен,
Жантыныс менен артық таба алмайсың.
Бетіңе жерім бар ма сыйламаған,
Əр кірпіш ыстық маған сіз қалаған.
Бұл маңай неге тар боп жатыр бізге,
Туада бір қарынға сыйған адам.
Мен үшін байлаушы едің белді өлімге,
Өкпең не қалағанды бермедім бе?
Кешірші көңіл кірін жуып тастап,
Байлайын жалғыз атты белдеуіңе.
Дариға ай, суындың не себеппен,
Арамыз бітеу еді жел өтпеген.
Өзінен өзі безген мəңгүрт болып,
Қараймыз былайғы елге не бетпенен.
Назыңды үлкенсіген ұнатамын,
Сақтадың сыбағаңды міне отауың.
Жік тұрса арамызға жек көрісіп,
Аруағы тебіренер бір атаның.
Бар мүмкін менде артық-кем сермеушілдік,
Қоя сал көргенің көп сен кешіріп.
Биіктеп тұрсын аға шыққан тауың,
Не керек ана-мына пендешілік.