07.05.2022
175
Ақылдылар
Басталады ақылдың алды аяңнан,
Ақыл кесіп өтеді ай далаңнан.
Адам ғана ақылды болғаны үшін,
Табиғаттан керегін айдап алған.
Ақылдының мəйекті тілін емген,
Ақылсыздан жан шошып түңілем мен.
Ақылдының əр сөзі тербегенде,
Сыр қозғайды жүректің түбінен кең.
Сонан барып кетеді тарап қайғы,
Атқа мінген ашуың аяқтайды.
Ақылыңнан адасып аяқ бассаң,
Мына өмірде басыңа таң атпайды.
Намысыңа болмайды ашынғандық,
Беттің арын далаға шашып алып.
Ақылдылар сөзіне көндіре алмай,
Желе аяңдап кетеді қамшыланып.
Ақылдылар, баспана саяң маған,
Сөзді ұғатын ақылмен баяндаған.
Сол ақылды жанардан айналамын,
Мендегі адал көңілді аялаған.