07.05.2022
  101


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Бұрады

Бермейді бір пендемен бəрі тына,
Уақыт жөнеледі өз бағытына.
Басыңа бітіп қалған мүйіз емес,
Жүреді ұшып қонып бақыт мына.
Жақсы ғой кімде кімге бел көрінген,
Жамандар есеп жазар бергенінен.
Аралас арзан-қымбат жүрген жерде,
Бағасы ер жігіттің еңбегімен.
Тартпаған қара бастың жан қамына,
Жақсының не жетеді талғамына.
Жақсы үшін жанды жалдап өлсем дағы,
Жаманға күнімді сап таңба мына.
Ездер-ай, жұртта қалған итше ұлығыр,
Болады сендерге де жұт жылы бір.
Сендердің жазатайым кеселіңнен,
Жағасы жақсылардың жыртылып жүр.
Жақсыға бəрін берген ақыл-ойдың,
О, тағдыр отқа неге жақын қойдың.
Жасаса өмір шыны бір сілкініс,
Бұрады жақсыларға ақыр бойын.





Пікір жазу