07.05.2022
  117


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Іздеу

Тау тұрсада арада жолды алыс қып,
Іздететін бір сезім болады ыстық.
Талай жылғы сарғайтқан сағыныштың,
Кем боп тұрған орыны толады өстіп.
Дос жараның, туысың, жегжатың,
Келсе арытып алыстан семіз атын.
Артық емес ол үшін қайтарында,
Тоныңның жағасы, жеңі де алтын.
Жол бойында ол шаршап асты белден,
Азығыда ап шыққан тас түгеген.
Сүйтіп жанын қолына ап келгенінде,
Қара жердің қайтарма астыменен.
Ақ ұлпадай көңіл сап жыртылмаған,
Бір ғанибет сөйлесіп сыр тыңдаған.
Көміп қалып жүрмесін сол көңілді,
Қу дүние екі көзі жылтыраған.
Атын байла құрметтеп түскенінде,
Дəмі сонда жеген мен ішкеніңде.
Үлгіресің қанша рет барып келіп,
Бұтағындай шідердің қысқа өмірде.





Пікір жазу