07.05.2022
  115


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Жол береді.

Еске түсіп шаршаймын қай-қайдағы,
Жастығымды іздеймін шалғайдағы.
Отар кеткен сезімнің орыны аша,
Астан-кестең қу ішім зар қайнайды.
Қадіріңе жетпедім қолда барда,
Шеріңнен шық өкініш жондап алда.
Сағыныш боп сарғайтып бара жатыр,
Өтіп кеткен қайран сəт онда обалда.
Жастық сенде сыр кетті жаза алмаған,
Сырлар кетті айта алмай мазамды алған.
Жаға алмаған жүректің отын жөндеп,
Күнəкəрмін мезгілден жазамды алған.
Асау мінез күндер-ай сол қарымды,
Сезем бүгін неге жем болғанымды.
Неге-неге əлсіреп қу жүрегім,
Көтермейсің ащырақ толғағымды.
Елестетем жас күннен не дəметіп,
Сергіп кетем көңілім елең етіп.
Жол береді ашынған шабытыма,
Алдымдағы қия жол кенере тік.





Пікір жазу