07.05.2022
  141


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Келтірмейді

Босай қалса толғанып қолы еңбектен,
Мені біреу ақын дер өлеңдеткен.
Енді біреу бекерге əлектенген,
Сезіміде жоқ дейді елең еткен.
Ерікті ауыз дей берсін қалағанын,
Оған несін тұйықтап қамаламын.
Рас, əйтеуір арманым өлең болып,
Сол биікке көзімді қадағаным.
Шоқ болмаса кеудемнің көрігінде,
Өлеңімнің жарамас көбі ілуге.
Ақын атым өшпейді деп ойлаймын,
Жүрсе елімнің бір шумақ көңілінде.
Құрауындай асылдар қиығының,
Жолдары бар өлеңнің қиын-қиын.
Қалап шығу алтыннан былай тұрсын,
Келтірмейді ақ күміс құюға ығын.





Пікір жазу