07.05.2022
  126


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Бара алмай қалдым тойыңа

(Батырқан Құсбегінге)
Сезімнің аспаны едім бұлты ойнаған,
Шөлім бар дыр-думанға бір тоймаған.
Меңдеткен бір тымаудың бөгетінде,
Бұйырмай өтті-ау, əттең, бұл той маған
Жұмысы маза бермей ойға мына,
Жанығу қандай қызық той қамына.
Қонғанда ұл ұяға, қыз қияға,
Жөн еді бірге тойлау о, дариға.
И... де төркін жақтың қақпайды ары,
Адамның қыз бала ғой ат байлары.
Бөлінген бір отауың құтты болсын,
Ашылып алдарынан бақ қайнары.
О, Бəке жаның аян кітəбіңнəн,
Жер алған əйгілілер гүл тағынан.
Сабақтап шерттің талай тарих сырын,
Оқиды ұрпақ жалғап ұрпағыңнан.
Ақ жүзің жарқылдаған семсер енді,
Майталман жазушысың ел сенеді.
Қу жанды аяғанша қорғаншақтап,
Тойыңа ұшып барып келсем еді.





Пікір жазу