07.05.2022
  107


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Табады

Бағыңды көр базарға бағалатып,
Бағаланбай шықпайды мағынаң түк.
Сайда саның, құмда ізің болмаса егер,
Өмір кешпей өлгенің бағана артық.
Бағалану айтарым менің əлі,
Қосылмасаң оғанда нем кінəлі.
Бағалансаң білесің өз бойыңда,
Ненің мəнсіз екенін ненің мəнді.
Өмір базар айтады көз қарасын,
Тобылғыдай торыға, бозғада сын.
Бірінде артық, бірінде кеміп жүріп,
Табады адам соңында өз бағасын.





Пікір жазу