07.05.2022
  134


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Жаңа таным

Жанымда боран шабыт бөлеп əзір,
Қаламым қар шаңғыдай қағады зыр.
Қозғалған қопарылыс намысымның,
Салмағы сүйегімді қабады зіл.
Көңілім күйкі күйбің бұлтын құшып,
Жаныма санап оны бір тыныштық.
Жүргенім, осы күнде өкіндіріп,
Кеудемде кілегейлі ой кілкиді ыстық.
Келмейді өр таласып еңістегім,
Еңбекке ынтам ауып тегіс менің.
Маңдайды сорғалаған термен жусам,
Жеңілдеп қалады ауыр берімсегім.
Жас ғасыр, жаңа ғасыр дүбірінен,
Көзімнің көктем еттім күнін күрең.
Мені бір қорға санап жүргендердің,
Дəмесін мен осындай түңілдірем.
Болғанмен көкіректе жарық сəуле,
Бітеді жан қиналмай жалықсаң не.
Жүректен жанған үміт, жаңа тілек,
Бөлейді тірлігімді анық сəнге.





Пікір жазу