07.05.2022
  122


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Адасқан арман...

Адасқан арман дүбірі, естілед маған алыстан,
Тілейді жаным тағы не қиялмен тынбай алысқан.
Əттең-ай, əттең бəріне, кінəлі менің өзіммін,
Күйіпте кетсем жөн еді, өртеніп ар мен намыстан.
Қимайды-ау, бірақ қимайды-ау, үзуге соңғы тынысын,
Өмірді өле сүйетін, сезімің болса тірісің.
Адам боп жарық көрген соң, жарқырап жүрмей маңдайың,
Айырылып жанған отыңнан, суынған жүрек құрысын.
Жандары бөлек адамның, арманы бөлек болады-ау,
Мен көрген осы өмірде, ездердің саны молаңдау.
Тамтығын құртып, көктейтін дегдар шағында,
Өлім ғой шіркін өлім ғой, болам деп жүріп бола алмау.
Табысын айтшы, басқаның еңбегі термен өлшенген,
Дуылдап бетім солардан, ұялып кетем көрсем мен.
Ездерден артық нем қалды, ездердің ісін істесем,
Өтіпті ғұмыр обал боп, оңменен солға теңселген.
Адасқан арман айғай сап, тербейді келіп жанымды,
Қайтадан жағу мүмкін бе жүректе сөнген жалынды.
Сол үшін қайта жаңғырып, жасаңдап кеткім келеді,
Армансыз жандай жабығып, не қылам жығып жалымды.
Қызығы балдай өмір-ай, қысқа боп неге жаралдың,
Тозығы жеткен сезімді, өзі бір қиын жамаудың.
Үмітім жушы кеудемнің, кірлерін аппақ сəулемен,
Адасқан арман сен жаққа, сен жаққа келіп жəне аудым.
Қызады бүйір алыстан, көргенде шүйке шаңыңды,
Қор екем күйкі күйбеңмен, жоғалтқан ерке шағымды.
Өкінген ойдың уына, меңдете бермей жанымды,
Армандар үшін жағайын, ендігі тірлік шамымды.





Пікір жазу