07.05.2022
  131


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Райханға

Басынан қиял бұлты тарқамаған,
Мен саған асқар белмін қалқам балам.
Сол себеп өр боп өстің ерке мінез,
Тауындай туған жердің шалқалаған.
Жолыңа торғын болдым жанды жайып,
Əкеңдей қамқор қайда Еділ-Жайық.
Сен үшін дарқан ұстап көңілімді,
Іздедім шарттарыңды жанға ылайық.
Ыстықта болғам қоңыр самал егей,
Тіледім саған бақыт, саған мерей.
Күйінген жүрегім бар қанын арнап,
Сен үшін сан тіріліп сан өлердей.
Тұп-тұнық махабаттан өсіп өндің,
Ақаусыз құрағы сен осы көлдің.
Қадірін ғұмырыңның қалт жібермей,
Біл балам, отау тігіп енші бөлдің.
Мұнарсыз өмір берсін көк аспандай,
Айтайын мұнан артық кеңес қандай.
Өтуі бақытты боп бір адамның,
Қопарып қос қолымен кен ашқандай.





Пікір жазу