07.05.2022
  159


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Арман болсын

Есесі үшін түсейін тартысқа оның,
Жылап жатса ақ көңіл байқұс момын.
Іш күйеді көргенде кей есептен,
Залымдардың астына тақ түскенін.
Шындық құлап сынғанда тік құзыңнан,
Келеді екен кек қайнап тіпті де ызаң.
Сол залымдар емеспе баяғыдан,
Мына тыныш тірліктің шырқын бұзған.
Тер ағылып табылған, қан ағылып,
Ақ сəулелі ақиқат алады ырық.
Келе жатыр құритын зауал күні,
Жасап жүрген залымға қара құрық.
Залымға жұт мен неден түңілемін,
Жерің таза, аспаның тұнық елім.
Залымдардан арылту арман болсын,
Бейбіт күнін мына кіл дүниенің.





Пікір жазу