07.05.2022
  171


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Кешір мені

Мен отырмын ішімде ызақорланып,
Қаламымның сабы суып қол қарып.
Талай жылғы таныс болған елменен,
Көрісуге шыға алмаймын қорғанып.
Себебі оның нəрсіз өлең жазыппын,
Дəмін салмай руқани азықтың.
Бұзып-жарып шықпаған соң не керек,
Өзімді-өзім қараға еріп мəз қыппын.
Өксіп тұрмын көкірегім мұң атып,
Қай қуаныш алар мұнан уатып.
Өлеңімді жалындатып, жан салып,
Үлгіргенше кешір мені уақыт.





Пікір жазу