07.05.2022
124
Түс
Түсіме биік-биік тау кіреді,
Елестеп салтанатты таудың елі.
Бөлеген қуанышты сезімге ыңғай,
Түс қандай жанға рақат дəуір едің.
Тас бұлақ, өрлей көшіп өзендермен,
Тігіппін үйді жасыл кезеңге мен.
Келіпті ерулік ап марқұм əкем,
Сабамен қымыз алып қозы өңгерген.
Орманнан отын аппын қыстың қамы,
Түсте адам қызық екен құс қуғаны.
Кетіпті жақын жер боп бəрі маған,
Ауаның неше қабат үсті дағы.
Бəрі бар іздегеннің алабында,
Болсашы түсте көрген дала мұнда.
Түсіме түнде ұларлы тау кіреді,
Жетермін таудай үлкен талабыма.