07.05.2022
  113


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Сен түскенде есіме

Өмірде арқа тірек жанашырым,
Əкенің жазу қиын дана сырын.
Өмірде қолым көкке жетсе дағы,
Мен соның бағып-қаққан баласымын.
Асқан ер болмаса да ол ең шегінен,
Оңайма биіктігін өлшеу бірден.
Бала үшін еңбектеніп елжіреген,
Сол есіл жүректің бір бөлшегі мен.
Жан əке, орның бөлек əр таңдағы,
Қарызың ақталған жоқ арқамдағы.
Жаныңның саялап бəйтерегіне,
Құлшынам арманға қол артам дағы.
Суарып бақытымның қызғалдағын,
Барлығын асыл заттың бізге арнадың.
Мен үшін осы жүрген көп пендеде,
Сен ғана жақсылықты қызғанбадың.
Болғанда жау-жаланың селіде екпін,
Ақпадым, ақылыңды серік еттім.
Ең алғаш мінгенімде талап тайын,
Былай жүр, былай шап деп сен үйреттің.
Əзірдей көрем өткен бұрынғыңды,
Зая қып жібергем жоқ бір үлгіңді.
Бір ізгі жұмыс бастап кіріскенде,
Бекітіп алам əбден буынымды.
Кемімді толтырам деп орта қалған,
Мейірің ыстық еді от оранған.
Ойласам əке сені көз алдымнан,
Аққудай жұп-жұбымен өтеді арман





Пікір жазу