07.05.2022
165
Өзім
Иемін өзімнің ар-намысыма,
Өмірде сенбегенің тағы сына.
Ортадан өзім өскен куə табам,
Еңбекпен берекеден табысыма.
Дарытқан қасиетін халқым маған,
Нұрындай жанарының жарқыл қағам.
Жаным қас жаралғаннан жамандыққа,
Жақсының бəрі туыс жақын маған.
Не қылам көтермесе сайысқанды,
Созылған йі шала қайыс жанды.
Құрсақтан мені туып ерке өсірген,
Сабаз ел сабырына бай ұстамды.
Шешініп мен түспеген майдан бар ма,
Ел қамы арманыма айналғанда.
Ұстайды қас батырдай қаталдығым,
Ақ-қара тай таласқан қан майданда.
Бойымды өмір айна көп түзедім,
Ой-елек бəрін сонан өткіземін.
Артық-кем бағалауға өкпелі емен,
Түсінем жүрегімнің отын өзім.