07.05.2022
209
Құрбылар
Құрбылар тату өскен қайдасыңдар,
Іздесу адамдық бір майдан шығар.
Тілеңдер түк бермей-ақ маған ақ жол,
Түйетін соның үлкен пайдасы бар.
Серіксіз таппас жүрек жай тынышын,
Қияды суықтауға қайтіп ішің.
Сендердей қымбатты жан қайда маған,
Сарқып бір жан сырымды айту үшін.
Ортақ боп қуанышым қайғыма да,
Үрейлі сендер барда қай құлама.
Көтерген төбесіне өздеріңдей,
Туымды биіктеткен қай мұнара.
Жүрмейді аты жығып кім арманда,
Басыңнан адал құрбың күн ауғанда.
Келетін мерекелеп адам аз ба?
Жүрегің бағың жанып қуанғанда.
Жүрседе шын жанашыр құрбы алыста,
Мейірі ұқсап келер жылы ағысқа.
Кезігу құрбылармен өзі бір той,
Ғұмырдың жол бойында мынау қысқа.