Екеу ара
Жазбады деп маған арнап өлең бір,
Ақ көңілің болып жүрме соған кір.
Жазып-жазып бəрін жыртып тастадым,
Сен туралы жазбау үшін жаман жыр.
Жар жүрегін түсінуге ісімер,
Жыр жазыпты ұлы ақын кісілер.
Менің ішкі жанымдағы жазуды,
Сенің адал жаның ғана түсінер.
Жар сүйеді бəрі де ақыл, естінің,
Соныменде қызық «фəнй» бес күнің.
Жоқ сияқты өзім артық көрген соң,
Бұл əлемде сенің гүлдей кескінің.
Мұң жылатып, қуаныштар күлдіред,
Сезім қиын сезімде ұлы құдірет.
Жіпсіз байлап қойған екі жүректі,
Махаббатқа мың мəртебе құрмет.
Қанат қағып қатар ұшып түледік,
Мен оныкі, бола білді ол мендік.
Сондағы ыстық сезімдердің біз əлі,
Тұнық қалпын ылайлатып көрмедік.
Қадірлесе білмедік пе, білдік пе?
Тағдырымыз секілді əйтеуір, бір нүкте.
Осы үйдегі тіршіліктің қамытын,
Екеу ара тырнаштадық бірлікте.
Тірліктегі балдай қызық ермегім,
Бала жанды мінезімді айт ел менің.
Солар жетіп танығанша жер бетін,
Сəулем сенің ұшан-теңіз еңбегің.
Ертеде ұққан жаныңды кеш жырладым,
Олақтығым ол менің кешір, жаным.
Екеу ара кезіккен бал мен уды,
Тең татпаған жүректің несі жалын.