07.05.2022
  133


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Қызамын

Жүйріктер шүйіншімін озғаныңа,
Қызғаныш жаудай менің өз қаныма.
Күш-қуат дүбірлетіп шапқандарың,
Меніңде қолтығымды жазғаныма.
Мінседе сан қиялға ойында адам,
Өзінен жөн ғой зорды мойындаған.
Шықпай ма олда биік бір кезеңге,
Жүргенде бір шыбын жан бойында аман.
Айып не жарысқанда, сынасқанда,
Ұялтар көзден көздің нұры асқанда.
Балуанның бəйге алады күші асқаны,
Үйіріп бірін-бірі бұрасқанда.
Жүйріктер тоқым терін құрғатпаған,
Жабыдан бір бөлек қой бұлғақтаған.
Жүгіріңдер ентелесіп, екіленіп,
Қызамын шаңдарыңа будақтаған.





Пікір жазу