07.05.2022
106

Оқығанда
Ой толғап оқығанда «гүл сараны» ,
Жанымды тербетеді сыр самалы.
Тұрады көңілімде көктеп үнем,
Сол қайран гүл шынары сынсадағы.
Алдымда «кешкен күндер» заңғарланып,
Тұрғанда ұмытылар «зəузə»на қып.
Жеп ащы ой толғағын жазды-ау шіркін,
Қаламын шырқыраған зарға малып.
Оқысам желпіндіріп, толғандырып,
Аламын ой-сезімге шөл қандырып.
Сыры боп бір дəуірдің төгіліп тұр,
Басына қос арудың қонған бұлт .