07.05.2022
  112


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Опық

Əр жылдың, əр айлардың, əр аптаның,
Болады оты басқа, қарақтарым.
Тынымсыз уақыттың қаламымен,
Жазады талай тарих парақтарын.
О, жастық, екенсің ғой ет қызу күн,
Білмеппін жөнін қалай өткізудің.
Үнемдеу керек екен секундтарды,
Басамын деген жанға от қып ізін.
Не берді сонау күлкі ойын маған,
Опық жеп ауық-ауық ойыма алам.
Уақыт төркіні екен кім болудың,
Бұл менің өмірдегі мойындамам.





Пікір жазу