07.05.2022
142
Шындық
Жан тірегім болған соң асыл шындық,
Ажарымнан көргем жоқ жасып-сынып.
Білмек болсаң ішімде не жатқанын,
Өз кілтімен көңілдің ашып сырды ұқ.
Килігіп кеп қарныңның тоқ буында,
Келгенді істеп ойыңа жоқты қума.
Шындық қайық өтесің есіп жүріп,
Тірлік, айдын тулаған толқынында.
Жаның қалай жалғанға құмартады,
Оңуымыз шын біздің бұл ортаны.
Шұбатылған мойнында ер жігіттің,
Шірімейді шындықтың қыл арқаны.
Аңғарла дос мен анық сыйды ұғамын,
Пиғылыңның жүрекпен сүйдім ағын.
Жалғыз ауыз сөз батыр шынын айтқан,
Мен өлердей шындыққа сыйынамын.