07.05.2022
144
Сақтай көр
Алысып құлын-тайдай қасыныстық,
Тоғысқан жанымыз бар басында үстіп.
Баяғы үйлеріміз отыратын,
Қоныстың тұрады əлі тасы да ыстық.
Көргенде өзім деген ел жүрегін,
Мен байқұс онан арман елжіредім.
Тұлға боп түк тындырып бермесемде,
Достардың қамын ыңғай жеп жүремін.
Ал біреу жыртық іздеп бүтінімнен,
Қорқады түзу ұшқан түтінімнен.
Тұрлаусыз досты көрдім қызғанатын,
Қысқасы тəтті ұйықтаған бір түніңнен.
Мейілі мықтыныңда, осалыңда,
Өзіндік есесі бар қосар мұнда.
Өтейін ақ сəуле арнап жүрегімнен,
Сақтай көр қаскүнемнен дос алдында.