07.05.2022
146
Ақ тілек
Ақылға аял беріп бақсам тағы,
Өмірдің кепті кейде жақсы атағы.
Бірақта алыста екен мен жететін,
Алдыма қойған арман мақсат əлі.
Адам боп осы өмірге жаралғалы,
Жақсы мен көрдім талай жамандарды.
Көкейге соның бəрін түйіп алып,
Өзендей таси бердім жаңа арналы.
Санайтын ірі емеспін бармағыңмен,
Қымбатпын еңбегіммен, арманыммен.
Асығыс арман қуған жанды көрсем,
Болайын басып шығар балдағың мен.
Жетпейсің көңіл күймен майда қоңыр,
Арпалыс арман жолы майдан ол бір.
Арманшыл адам үшін артық бермей,
Қор болған армансызға қайран өмір.
Антым не, арманым не қуалаған,
Жүргенім жанымды жеп куə маған.
Ақ тілек адал ойым жетелеген,
Өткізді талай-талай құламадан