meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  07.05.2022
  202


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Алдында

Ұстазбын ба? Жоқпын ба куəсіңдер,
Қисаймайды адал іс тура сынар.
Кешірмеңдер адамдық ардың жолын,
Бере алмасам көрсетіп турасын дəл.
Үздік болсаң өздерің кең өрісім,
Жалқау болсаң жаныма келер қысым.
Бір күн тыным таппайтын саятшымын,
Ұшырам деп биікке өнер құсын.
Табам шексіз рақат, аса мақтан,
Тақта алдында бор жұтқан əр сағаттан.
Қонса ойыңа сабағым қуанамын,
Өзен боп шөл даланы аңсап аққан.
Орынымды тарих қашан төменсіген,
Мен осы бақыт таптым төл еншімнен.
Оқушым жараса елдің керегіне,
Тең болып көтерілем төбем шыңмен.
Міндеттің мойнымда ауыр бұлағы бар,
Жанымды зерделі қыз, ұл ұғынар.
Соларға секілденіп саялы бақ,
Тілеймін болса екен деп ғылым құмар.





Пікір жазу