07.05.2022
120
Өшпес жалын
Мен жаратқан болмасада көп үлгі,
Өтсін өмір мағыналы, көңілді.
Ең тамаша көңілділік мен үшін,
Туған елге берсем көңіл көгімді.
Өз үмітін артса туған ел сеніп,
Алыс жолға шыққан досқа мен серік.
Керегі не арамтамақ адамның,
Азаматша іс қылмаған белсеніп.
Арман қуып ақтық демі үзілген,
Бақыт таптық даналардың ізінен.
Мына заман талабының өзімде,
Оны толық болды десем жүзі кем.
Деме бірақ алған беттен жаңылар,
Кім болуды намыс қуған жан ұғар.
Өмір үшін аласұрған кеудемде,
Өшпейтұғын керемет бір жалын бар.
Өшпес жалын өміріме махабат,
Теңіз кешіп, таудан асам қат-қабат.
Өз өмірім, өз заманым тербетіп,
Қиынға сал ауырыңды арқалат.