07.05.2022
  79


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Достар

Қай-қашан кісі күні кісіменен,
Оны анық жүрегіммен түсінем мен.
Достарсыз жоқ ешқандай тиянағым,
Құлынмын үйір тайға кісінеген.
Көрмеген жарқаш шығып дауысым дағы,
Өмірдің жолыққанда дəу сынағы.
Таусылса менің егер жүрек қаным,
Тек адал достарға арнап таусылады.
Бағынам үнем осы танымға ұйып,
Достардың болсын шыққан тауы биік.
Дұшпаным болып сонда аяқ асты,
Қаламын көтеріліп тағы да иық.
Достардан келген хат пен хабар қандай,
Көңілге алтын сарай қаланғандай.
Өмірде өзіме адал достар үшін,
Жүк тартам қабырғалы қара нардай.





Пікір жазу