07.05.2022
157
Жетер не
Тоқта, достар, асықпаңдар, қызбаңдар,
Осындайдан дей салады бізді аңғал.
Жетті бəрін қағатұғын уақыт,
Сылтың тауып берекені бұзбаңдар.
Бірлігі жоқ бордай тозып шашылған,
Ащы сабақ көп бастағы шашыңнан.
Берекемен көтеріліп шаңырақ,
Берекемен уық мықты шаншылған.
Десең биік мұратыма жетем бе,
Өзіңді өзің алға қарай жетеле.
Тіршілікте адам үшін ойласаң,
Бейбіт өмір берекеге жетер не.