07.05.2022
173
Түсін, Қалқам
Түсін, қалқам, əуелі нан үшін біз,
Күрескеміз қысқанда намысымыз.
Қонған сөйтіп қан-термен маңдайға кеп,
Біздің бақыт өзіңе таныс жұлдыз.
Жақсылығын жоқ тəңір жолықтырған,
Алдық қолмен қорғанды соғып тыңнан.
Ар-намыстың қайнасқан түйілісі,
Кеудемізде қан жүрек соғып тұрған.
Кеудемізде қан жүрек соғып тұрған,
Алғыс-қарғыс егізін сол ұқтырған.
Еркіндікпен, теңдікпен жайнатқамыз,
Талай-талай жанарды сөніп тұрған.
Туған сүйтіп бұл көктем шұғыласы,
Қайнары ол қуаныштың жырдың басы.
Береке бірлігімен біздің өмір,
Биіктеп бүгінгідей шыңға ұласты.