07.05.2022
  119


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Туған жер

Еркелеймін бауырыңда ботамын,
Сенде тасып, сенде толқын атамын.
Құшағыңда айдын көлмін, теңізбін,
Құшағыңда асқар таумын, жотамын.
Бөлінбеген өзіңде еншім, табысым,
Ұланыңмын жалын жүрек тау мүсін.
Тағдырым бір, тынысым бір өзіңмен,
Өзің үшін жоқтаған кек-намысым.
Керек емес маған бөтен тоты бақ,
Керек маған сендегі алтын топырақ.
Керек маған тебіреніп жазған жыр,
Өзіміздің өзен-көлдей толқып ап.
Сол үшінде сапардамын, шептемін,
Сені уақыт қолдан бермен теп-тегін.
Бабаларым қиялдаған арманға,
Менің қолым білем қалай жеткенін.
Сүйем ерке бұлақ үнін, жел үнін,
Қасиетін сақтап туған жерімнің.
Нар түйедей көтеремін бəрінде,
Ауырыңды арт, берме жүктің жеңілін.





Пікір жазу