07.05.2022
  93


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Жетеді

Аяғына қан түссе жері ұзақтың,
Ұшқыр сенің бəйге алған өз уақытың.
Шауып келіп соңында бір өтеміз,
«Тарих» деген сынынан зейіл қарттың.
Жазалайды кімді асып дарасында,
Жүрмейді оған даурыққан таласыңда.
Қалады екен бетінде жазылып кім,
Əділ сарап табады бəрі осында.
Айтылады артыңнан əлі анығы,
Біз жасаған тұстыңда бар алыбы.
Бəрімізге жетеді таласпай-ақ,
Ұлан ғайыр жер-көктің аралығы.





Пікір жазу