07.05.2022
  125


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Әкем

Мен осал деп айта алмаймын əкемді,
Мына жарық дүниеге əкелді.
Жанын жалғап мен жүргенде артында,
Деп айтады кімдер оның аты өлді.
Əкем менің асуы көп асқар бел,
Əкең кім деп тектейді амандасқан ел.
Елестейді қарағайлар өзі боп,
Сондай ыстық əкем аяқ басқан жер.
Əкем дастан жаным сонан жаралған,
Мен деп кетті кеудесінде жан арман.
Əттең бірге жүре алмады бізбенен,
Мына өмірдің құшағында жаңарған.
Ақыл болып əкем берген тағылым,
Қойнауында келем өрлеп тауының.
Бала бағып көрген күні бейнетін,
Өз əкемді сонда бірақ таныдым.





Пікір жазу