07.05.2022
173
Бір ойым бар..
Бір ойым бар бұл өмірден түсінген,
Өш боп жүріп, дос боп жүріп кісімен.
Ең қымбатты таза жаны адамның,
Ал қалғаны бір үйінді ішіп-жем.
Тіршілік бір əңгіме ғой шұбаған,
Соған бола бай болуда шын арман.
Қолда байлық болмаған соң том-том боп,
Үйде жатыр менің жазған шығармам.
Таусылмайды сасқалақтап сабырым,
Өз өмірім қарағанға сəл қырын.
Оның түкке жарамайтын жері бар,
Байлық қана шешпейді адам тағдырын.
Өмірге айтпан, жүрмейді өкпем-базынам,
Табам бəрін көңілімнің жазынан.
Жаңғыртады жартас болып жанымды,
Артта қалған рухани қазынам.