07.05.2022
  124


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Оза бер...

Ағайын бар, қимасым, досым да бар,
Мал мен басты əншейін қосып алар.
Не сүрініп, не түсіп екпетімнен,
Жетсе қайттің сұп-суық осы қабар.
«Қайран қазез» деп кімің «құламасын»,
Кімің келіп тез көміп қуанасың.
Қаспен достың танылар майданы сол,
Жəй күнде айтар іштегі кім аласын.
Салмасада көлгірсіп көзге бүлік,
Ту сыртыңнан алатын көздеп ұрып.
Адамдар бар бағатын ауа райын,
Хамелеон секілді өзгеріліп.
Жүрсе иығың онан сəл көтеріліп,
Көрсеткен боп бержағын өте егіліп.
Көз алдыңнан бір адым өте бере,
Көрсетеді əлгіден бөтен қылық.
Жүрмеген соң жолда үнем тегістен,
Бір мін шықса бойыңнан келіспеген.
Жүргізгісі келеді тұлпарыңды,
Ер мойнына кететін еңіспенен.
Жазалайды жазықсыз киіп кетіп,
Жүрсе жаның ұнайды күйікте өтіп.
Оза бер дос несі тұр əлің жетсе,
Таласатын себеп жоқ биікке түк.





Пікір жазу