07.05.2022
123
Осы ағаның
Беті əжім, шашы бурыл тартсадағы,
Жанының екпін əлі пəк самалы.
Бөлеген ықыласына қауым елдің,
Көтеріп талай жаңа бастаманы.
Сезімтал жұмыста да, тұрмыста да,
Саралап береді іске дұрыс баға.
Құдды бір аумайды қарт бағбанымнан,
Келгенде бұтап тастар мінді ұстауға.
Зауқы жоқ жалған атақ парасатпен,
Тұрмысы қарапайым санатта өткен.
Ел оның ұғып асыл қасиетін,
Жанашыр жақынына санап кеткен.
Жоқ онда аптықпалық, өр кеуделік,
Отырған өнерімен төрге келіп.
Секілді кеудесі оның сыр қайнары,
Қаласың кеңескенде бір демеліп.
Аласың талай тəлім осы ағадан,
Ойыңды толықтырып босаң қалған.
Халықтың қасиеттелген ұлы болып,
Жоқ бізде сол ағадай болсақ арман.