07.05.2022
256
Шашуым
(Тарбағатай аймақтық 6-кезекті
ақындар айтысында оқылған өлең)
Алақай қасиетті қауым халық,
Жоғалған мұрамызды тауып алдық.
Сыймайды артсақ көңіл қуанышын,
Бұл ерен қабырғаның тауын нар қып.
Осынау арайлы таң жыл көктемін,
Алыстан естіп жүрген жыр еткенін.
Ақынның аты шыққан бəрі келді,
Төсеңдер, сауан елі, жүрек төрін.
Ақ шаштары ой салар өткен істен,
Үні бөлек жаралған өктем, үстем.
Қажықұмар мен майталман Серік келді,
Уықтай боп шаңырақ көтеріскен.
Əнші-күйші қолыңа ал домбыраны,
Əуелесін «Əсеттің» қоңыр əні.
Жыр перісін шақырып ақын-жырау,
Жіберіңдер байытып мол мұраны.
Ақын емен жыр жазан тапқыр тілмен,
Қызып келдім бұл тойға дақпыртымен.
Шашуым осы өлеңім шашқан менің,
Аралас шешелердің ақ құртымен.