07.05.2022
171
Кәнуә
Жалғасып аналардан қызға қалған,
Өрнегі кем тұр қайсы сызбалардан.
Тігісі жатық түскен кəнуəнің,
Меніңде жүрегіме сызған арман.
Еншіме өмір өзі баста айырған,
Шаңында шауып келем жастайымнан.
Жіптері сөгілмейтін кəнуəдай,
Төгіліп жыр кестесі жатса ойымнан.