06.05.2022
  127


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Азаматпыз

Көрсететін кез мынау аталы ерлік,
Ажарланып өмірге қайта келдік.
Жұрт ойының қалауын таба алмасақ,
Азамат боп ат мініп қайтер едік.
Қара терге түсеміз тоғытылып,
Махаббатқа жанымыз толы тұнық.
Əкетеміз сиырып қиындықты,
Тасып жатқан өзендей долы тұрып.
Шыңнан шыңға қадаймыз жеңіс туын,
Бізге берген айбатын, ел үскінін.
Жүрсек-тұрсақ ойлаймыз туған елді,
Сақтап қойып көңілдің ең ыстығын.
Кесір болса көлденең егестірген,
Бойымызға біз емес теңестірген.
Торқа бізге туған жер топырағы,
Малмен басын телегей тең өсірген.
Бəрін қолмен жаратып қаламақпыз,
Ғаламат шың бізге тəн ғаламат құз.
Туған елдің шыңдалып намысымен,
Тұлпар мініп, ту алған азаматпыз.





Пікір жазу