06.05.2022
  121


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Байғазы

Таңданам тұлғасына əр көшеңнің,
Көзіндей көнелердің Шəуешегім.
Тіл жетпей қиналды ұлың жүректегі,
Айтуға қуаныштың жаңа шегін.
Бір кезде жетелеп кеп асыл арман,
Жүректе суретің тұр басып алған.
Əр тасың, ыстық маған əр кірпішің,
Ер бабам Демежанның басы қалған.
Ой салып əуелеген сенің еңсең,
Бəрі өлең көргенімнің тебіренсем.
Жасаған сəнді сарай шеберіңнің,
Қайтеді жыр жазғанда қолын берсең.
Келген соң талай жылдар, айларды үзіп,
Көпті ұқтым салып жүріп сайран-қызық.
Қабыл ал Шəуешегім осы өлеңді,
Қададым омырауыңа байғазы қып.





Пікір жазу