Өмір сыры
Жеткізсе кейде көкке қолымды бір,
Шаршатты бірде бұраң жолы қиыр.
Сан арып, сан семіріп бір жейденің,
Ішінде болдым өмір сырыңа үйір.
Бұл өмір жазғанба деп сорын маған,
Жылт етпей кейде мүлдем сөніп қалам.
Бірде өмір алшаңдатып өр төсінде,
Бақыттың гүл бағында сонылағам.
Алғанда өмір қияс қырына тік,
Құрдымға кеткендеймін шыны батып.
Кейітіп батса бір күн əлегімен,
Түрады тағы бір таң күліп атып.
Жүресің қуанып та, жылаптағы,
Бірде аяз, бірде сүйіп шуақтары.
Бір арман кетіп жатса қолдан шығып,
Бір арман қолға қонған жырақтағы.
Біреуден келсе мүлдем аласарғың,
Біреумен бар биікке таласар күн.
Бір сəтте көңіл суып жасу көрсең,
Кеудеңнен ұшқан бір сəт алау сағым.
Өмірде бақытты жан өзіңдей ақ,
Кетесің қуанышты сезім бояп.
Кейде бір жамыласың ой түнегін,
Өзіңдей мұң мен зардан мезі бейуақ.
Əкелсе бірде тарлық, тапшылығын,
Дөңгелеп бірде дəулет ашты гүлін.
Бір күні болса қатты ұтылысың,
Асығың түседі ылғи алшы бір күн.
Ал кейде жанбай мүлдем меселің түк,
Жатады қолда тұрған есең кетіп.
Бір күні жанып маңдай терің ерен,
Жүлдені ап жатасың кесек етіп.
Дос тұтып арамзаны оқыс танып,
Өзіңді күйдіресің от құса қып.
Жүргенің жатқа санап тоңғаныңда,
Жылытады жүрегінің отын салып.
Тай-талас бірде еңіс, бірде өрінде,
Мекендеп теріскейін, күнгейінде.
Болған соң өмір деген өзіңнен зор,
Жүресің қатты жұмсақ илеуінде.
Кешірем деме досым бір өгей күн,
Қаласың бірде озсаңда бірде кейін.
Сондайда адамшылық қасиетің,
Мəңгілік бұзбау керек кілегейін.